АТФБанкте басқарма құрамы өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2017 жылдың 24 тамызынан бастап басқарма құрамының өзгергендігін мәлімдеді, деп хабарланады биржаның сайтында.

Банк ақпаратына сәйкес, директорлар кеңесінің шешімі бойынша Досмұхамбетов Нұркен Мұхаметкаримұлы басқарма мүшесі лауазымынан кетті.

Енгізілген өзгерістер бойынша органның құрамы мынадай: басқарма төрағасы - Энтони Эспина; басқарма мүшелері: Балахметова Гүлнара Оразалықызы, Ли Антон Константинович; Сергей Коваленко; Ахымбекова Анар Әбілханқызы; Сабырғалиев Ербол Марленұлы; Соколов Даниил Юрьевич.

Соңғы жаңалықтар