+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Атеросклероз аз қимылдайтын адамдарда жиі кездеседі - дәрігер

2021 жылғы 8 сәуір 10:58
Бөлісіңіз:
Атеросклероз аз қимылдайтын адамдарда жиі кездеседі - дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутының бөлім меңгерушісі, кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнар Оспанова атеросклероз ауруының алды алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда күніне 15 онкологиялық науқасқа ота жасалады Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы әскери госпитальдар COVID-19 стационарына айналды

Атеросклероз – созылмалы өршіп отыратын, артерияларды зақымдайтын аурудың түрі. Олардың қабырғаларына майға ұқсас заттар, ең алдымен холестерин кіреді. Атеросклеротикалық бляшкалар артерия саңылауларын бітейді. Артериялардың саңылаулары тарыла бастайды да, ол арқылы қан аз жүріп тіндері оттегі мен қоректік заттарды аз қабылдайды.

«Егер осы артериялар өмірге маңызды ағзалар – жүрек, миға баратын болса, атеросклероз жүректің ишемиялық ауруын, миокард инфаргін, гипертонияны, инсульт пен шет тамырлары ауруларын тудыра алады» - дейді Гүлнар Оспанова.

Оның айтуынша, атеросклероз көптеген адамдарда кездеседі, бұл ретте бұзылыстың дамуы адамдарда ерте жасында басталады. Бала жасынан бастап-ақ қолқаның ішкі қабырғасында кейде холестерині бар липидті жолақтар байқалады. Аурудың дамуын жеделдететін және олардың симптомдары мен асқынуларының жылдам пайда болуына әкелетін атеросклероздың қауіп факторлары бар.

Егер оның алдын алып, емделетін болсақ, жүрек-тамыр ауруларының дамуына жол берілмейді. Аурудың ағымының еш симптомсыз болуына байланысты, атеросклероздың профилактикасын асқынуларға дейін ертерек бастаған дұрыс.

«Еңбек пен демалысты, сонымен қатар дене қимылының белсенділігін дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор, себебі атеросклероз аз қимылдайтын адамдарда жиі байқалады. Сондай-ақ дұрыс тамақтанудың да зор маңызы бар. Тағам әртүрлі болып және ол жеміс-жидектер, көкөністерге мол болуы тиіс. Темекі шегу, алкоголь ішімдіктерін ішу секілді зиянды әдеттермен күресу қажет»,- дейді дәрігер.

Атеросклероздың алдын алу шараларында ең алдымен тамырлардың зақымдануына бейім болатын артериялық гипертензия мен қант диабетін дер кезінде анықтау және олардың жүйелі емделуін бақылаудың маңызы зор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT