Атбасарлықтарға көмек көрсету мақсатында арнайы есепшот ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Атбасар ауданының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы есепшот ашылғанын хабарлайды.

Көмек көрсетуге ниет танытқандар болса «ЖАҢА ҮМІТ ҚҚҚ» қайырымдылық қоры арқылы төмендегідей деректемелер бойынша қаржы аудара алады:

КZ93319L010005620026, БИН 130940005584, КБЕ 18, КНП 119, БТА БАНК АҚ Көкшетау филиалы, БИК АВКZКZКХ, БИН 991141000421.

Көктемгі су тасқынынан жапа шеккендерге көмек ретінде түскен қаражатты бөлу жөнінде жұмыс тобы да құрылды.

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Атбасар ауданында көктемгі су тасқынынан жапа шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін акция ұйымдастырады.

Барлық толғандырған сауалдар бойынша мына мекен-жайға: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 117 («Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимараты) немесе мына телефондар бойынша: 40-22-69, 25-64-02 хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар