Атбасарлықтар көктемгі су тасқынына тайлы-тұяғы қалмай дайындалып жатыр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарлықтар көктемгі су тасқынына тайлы-тұяғы қалмай дайындалуда.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне аудан әкімі Андрей Никишов айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінгі күні негізгі күш Атбасар ауданына жұмылдырылуда.

«Биыл өңірде қар көп түсті. Сол себепті су тасқынының қаупі де жоғары. Алдыңғы жылғы жағдай қайталанбас үшін дайындық жұмыстарын ерте бастап кеттік. Қазіргі кезде қалаға Жабай өзенінен қауіп төніп тұр. Осыған орай өзен жағасын бойлай ұзындығы 5,6 шақырым,  биіктігі 4-7 метр бөгет (дамба) тұрғызылуда. Оған 12 экскаватор тартылған. Оған қоса қауіпті аймақтарда тұрған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалды. Апаттың алдын алу жұмыстарына тұрғындар да бір кісідей атсалысуда», дейді аудан әкімі.

Осы мақсатта ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі С.Кулагин көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына назар аударды. Сонымен қатар ол бұл шараларға бірер күнде 20 миллион теңге,  оған қоса тағы 20 миллион теңге қаражат бөлінетінін атап өтті.

Ал, жаңадан тағайындалған облыстық ТЖД басшы Алексей Советовтың айтуынша, Атбасарға Алматы және Қызылорда облыстарынан қосымша 100 адам және 19 арнайы техника көмекке келмек.

null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар