Атбасарлықтар көктемгі су тасқынына дайындалып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, 2018 жыл атбасарлықтар үшін табысты болды.

«Өтке жылы Атбасар ауданы жоғары макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді», деді аудан әкімі Аманбек Қалжанов. - Ауыл шарушалығында саласында өндірілген жалпы өнім көлемі - 100,1 пайызды, өнеркәсіп саласында - 106,7 пайызды құраса, құрылыс саласында - 3,5 есеге артты. 2018 жылдың орташа еңбекақы көлемі 109,5 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға артты.

Сонымен қатар, ауданда тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласында да істелініп жатқан игі істер де айтылды.

«Ауданда жылу беру маусымын ойдағыдай өткізу, тұрғындары сапалы ауыз сумен қамту және көктемі су тасқынын алдын алу шаралары әкімдіктің ұдайы назарында. Өткен жылы 6 бу қазандығы, насос стансасы және 16 шақырым жылу желісі жөнделді. Халықты ауыз сумен қату мақсатында Покровка және Сепе ауылдарында су құбыры жүйесінің құрылысы басталып, биыл аяқтау жоспарда бар. Бұдан бөлек, Шуйское ауылында су құбыры желісі мен нысанын қалпына келтіру үшін бюджеттен қаражат бөлу қарастырылып отыр. Су тасқынын алды мақсатында топырақтан тұрғызылған қорғаныс бөгетінің бұзылған 6 учаскесі қалпына келтіріліп, осал 7 учаскесі нығайтылды. «Атбасар-Қима» тас жолының бойында секундтына 40 текше метр су ағызатын құбыр нысаны орнатылды. Жабай өзенінің ұзындығы 700 метр арнасы тазартылды. Жалпы, аудан көктемгі су тасқынына дайындықты қазірден бастап кетті», - деп толықтырды Аманбек Қалжанов.

Брифингте айтылғандай өңірде Елбасы Жолдауында айтылған әлеуметтік саланың дамуына да жете көңіл бөлінеді. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жұмыспен қамту бағытында біраз іс тындырылған.

Оның ішінде 2018 жылы Атбасардағы І.Есенберлиннің әдеби мұражайы аудандық деңгейдегі мұражайлардың арасында өткен «Рухани қазына» мәдениет және өнер қызметкерлерінің республикалық форумында ең үздік атанды.

Соңғы жаңалықтар