Атбасарда үй шаруашылығын өзін өзі басқару жобасы жүзеге асырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында үй шаруашылығын өзін өзі басқару бойынша БҰҰ ДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) жобасы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, өткен жылдың күзінде Атбасар қаласындағы «Ангел» қоғамдық бірлестігі Ақмола облысында теңдесіз жобаны жүзеге асыру үшін БҰҰ ДБ халықаралық ұйымынан грант алған. Осы жоба шеңберінде ПИК (пәтер иелері кооперативі) жоқ көппәтерлі тұрғын үйді басқару үлгісі әзірленіпті. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде осы үй тұрғындарының өздері басшылық жасаған. Жобалық алаң ретінде Майкутов көшесі 2, мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үй таңдап алынған.

Аталмыш жұмыстар мессенджерде топ құру, жалпы жиналыста тұрғын үй мен басқарушы ұйым ретінде «Ангел» қоғамдық бірлестігінің активі бекітілді. Атқарылатын жұмыстардың түрлері анықталып, қызмет және тауарларды жеткізіп берушілерге байқау жарияланды, баға бойынша ұсыныстары жинастырылды. «Ангел» қоғамдық бірлестігінде тауар жеткізіп берушілерге тапсырыстар әзірленіп, олар аталмыш бірлестіктің кеңесінде талқыланды. Осыдан кейін ғана БҰҰ ДБ гранты есебінен ақша төленді. Атқарылған жұмыстар мен жобаға байланысты «Ангел» қоғамдық бірлестігінің кеңесі және тұрғын үй активі тарапынан жиі мониторинг жүргізіліп тұрды.

«Қазіргі кезде, аталмыш үйдің тұрғындары бірлесіп, ақылдаса атқарылғын жұмыстардың нәтижесін көріп отыр. Жоба арқылы тұрғын үйдің сыртқы келбеті жаңарып, қабырғалары тегістелді, сондай-ақ, тесіктер бітеліп, балкондары мен кіре берісі сырланды. Подъездерге пластикалық терезелер мен электр энергиясын үнемдегіш шамдар орнатылды және өлшеушіш аспаптар көрінетін жерге шығарылды. Сонымен қатар, тұрғын үй маңындағы футбол және балалардың ойын алаңдары, отыратын орындықтар жөнделді. Нәтижесінде аталмыш тұрғын үй қала бойынша аббаттандырылған тұрғын үйлер байқауында «Ең үздік көпқабатты тұрғын үй» аталымына лайық деп танылды. Бұған қала әкімі сый ретінде үстіміздегі жылдың көктемінде үй ауласына жаттығу кешенін орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, қосымша орындықтар сатып алу, карусель орнату және құм төсеу сияқты жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады», дейді «Ангел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Петрова.

Соңғы жаңалықтар