Атбасарда тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында жекеменшік тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД қызметкері Думан Дəлешовтің айтуына қарағанда, өрт 16 ақпан күні кешкі уақыт 22:30-дер шамасында Атбасар қаласында болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде 1965 жылғы ер адам мен 1994 жылғы əйелдің мәйіті табылды. Қазіргі кезде, оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Алдын ала деректер бойынша от төсекте темекі тартудың салдарынан тұтанған», деп түсіндірді Думан Дəлешов.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптада Ақмола облысында өрттен 7 адам  көз жұмған болатын. Атбасардағы оқиғаның салдарынан бұл көрсеткішке тағы екі адам қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар