Атбасарда тауарлары тегін берілетін дүкен ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысында «Рахмет үшін» қайырымдылық дүкені ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Бұл жолы қайырымдылық дүкені Атбасар қаласында ашылып отыр.

«Добряки» клубының қатысушысы Кəмила Омарованың айтуынша, кез-келген адам дүкенге киілген ескі киім-кешек, төсек жабдықтары, ойыншық және тұрмыстық техникалар мен жиһаздарды тегін тапсыра алады.  Мұндағы басты қағида тапсырылған заттар жуылған, таза болуы тиіс.

Қайрымдылық дүкенінен əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, мұқтаж жандар келіп өздеріне қажетті заттар тегін ала алады.

Еске сала кетейік, осындай дүкендер бұған дейін Көкшетау, Степногорск қалалары жəне Еңбекшілдер ауданында ашылған. 

1 2 4 

Соңғы жаңалықтар