Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендермен психологтар жұмыс істеп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар комитетіндегілер су тасқынынан зардап шеккен Атбасар тұрғындарының осы уақытқа дейін қандай медициналық көмек алып келгендерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп келген өкілдері қызмет орындарына қайта оралды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары басталған кезден бері медиктер денсаулық жағдайына шағымданған 57 адамға көмек көрсеткен. Психологтар 66 тұрғынға жедел психологиялық қызмет көрсеткен. Олардың арасында 17 балаға 5 психологиялық консультация берген. Су тасқынына байланысты жағдай бойынша республиканың бірнеше облысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері тұрғындарға психологиялық қызмет көрсету мен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған «жедел желі» қызметін іске қосты.

Қарағанда, Ақтөбе облыстарының Апат медицинасы орталығы филиалдарының психологтары «жедел желі» бойынша, 177 қоңырау қабылдап, көмек сұраған азаматтарға ақпараттық және психологиялық қызметтерді көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар