Атбасарда су тасқынынан болған материалдық шығын орнына келтіріледі - ФОТО

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында су тасқынынан болған материалдық шығынды облыстық бюджет есебінен және қоғамдық қор ұйымдастырып, орнына келтіреміз. Бұл туралы облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

Оның айтуынша, дәл қазір қаладағы 80-нен астам үйдің тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Зардап шеккендерге медициналық, психологиялық көмек көрсетілуде. Оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, мектеп ғимаратына жайғастырылуда. Сондай-ақ, еріктілер мен жеке кәсіпкерлер де қол ұшын созуда.

«Атбасар қаласындағы жағдай күрделене түсуде. Жабай өзенінен ағып келіп жатқан судың деңгейі сағат сайын көтерілуде. Осыған дейін су деңгейі 5 метр болса, қазір 6 метр шамасында. Кешке қарай судың беті қайтады деп үміттеніп отырмыз. Келтірілген материалдық шығынды облыстық бюджеттен және қоғамдық қор ұйымдастырып, орнына келтіреміз. Осы бағытта менің бұйрығыммен облыстық әкімдік тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазір олар зардап шеккен жерлерде жұмыс істеуде. Сондай-ақ мұнда криминалдық жағдайды бақылау үшін ішкі әскер мен ІІБ қызметкерлері де тартылған», - дейді Қ.Айтмұхаметов.

Қазір қаладағы жағдай сол күйінде. Кұтқару іс-шаралары одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар