Атбасарда су тасқынан зардап шеккендер пәтерлі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  -  Елорданың 20 жылдығы қарсаңында Ақмола облысының Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге 45 пәтерлі екі тұрғын үйден пәтер кілттері тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, баспаналы болған жерлестерін қуаныштарымен құттықтады.

«Біз сіздердің ауыртпалықтарыңызды жақсы білеміз. Көп жыл тұрып келген баспанадан бір сәтте айырылу, пәтерде тұру оңай емес. Өткен жылы басталған құрылыс енді ғана бітті. Біз сіздерді әрдайым қолдап, барлық жағдайды айтып отырдық. Иә, осы алты 45 пәтерлік үйді салу, пайдалануға беру оңай болмады, дегенмен, бүгін, елорданың 20 жылдығы қарсаңында сіздерді қуантып отырмыз. Бүгін жаңа баспаналарыңызға кіресіздер. Көріңіздер, егерде олқылықтар болса айтасыздар, мердігер кәсіпорын осында, олар жөндейді», - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, қалған бес тұрғын үйдің құрылысы басталып кеткен. Оған тиісті қаражат бөлініп, екі мердігер кәсіпорын жұмысты жүргізіп жатыр. Жаңа тұрғын үйлер қыс түскенше бітуі керек. Ал құрылыс жұмыстары аудандық әкімдіктің күнделікті бақылауында.

Сонымен қатар, шарада жаңа баспана иелерін аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Борұмбаев, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Иван Комиссаров, құрылыс бөлімінің басшысы Галина Мороз құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Баспаналы болғандардың арасында Төлеген Бәйменов бар. Оның отбасында 3 баласы мен немересі бар екен. «Әрине, қуаныштымыз. Жаңа үй салуға қаражат бөлген мемлекет басшыларына алғысымызды білдіремін. Біз 3 бөлмелі пәтер кілтін алдық, барлық көршілеріме қоныстарың құтты болсын деймін», - деді ол.

Дворниковтер отбасы да қуаныштары қойындарына сыйғыза алмауда. Валентина Егоровна мен Михаил жаңа пәтердің кілтің қызы, жиенімен алуға келіпті.

Өткен жылы Атбасар ауданында 549 үй көктемгі тасқында су астында қалды. Жабай өзені жағалауындағы тұрғындарды қауіпті аймақтан шығару мақсатында он бір 45 пәтерлік тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгін сол үйдің екеуі пайдалануға беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлауда.

null

Соңғы жаңалықтар