Атбасарда пәтер кезегін күткен тұрғындар баспаналы болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат тілшісі - ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында Атбасар қаласында бір топ тұрғынға жаңа пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған үйден пәтер алғандар қатарында ата-ана қамқорлығынсыз өскендер мен әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға жататын отбасылар, бюджеттік мекеме қызметкерлері бар.

Атбасар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бірлік Қамбатыров пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бағдат Боранбаев жаңа пәтердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Баспаналы болғандардың қатарында Күләнда Қаражігітова, Күнназ Омарова, Оксана Слипенко, Ләззат Байдашева, Дмитрий Сахаров, Ақжол Әбдуахитов, Талғат Секеров, Әбілхайыр Шерімбеков және Майра Шүкекова бар.

Мереке қарсаңында жаңа үйден пәтер алып, қуанышқа кенелген Майра Шүкекова 12 жылдан бері кезекте тұрған.

«Биылғы жыл мен үшін қуанышқа толы болды, - дейді М. Шаукекова. - Көптен күткен немеремі дарын дүйниеге келді. Енді міне, әкімнің қолынан пәтер алып отырмын. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында қазақстандықтардың әл-ауақтын көтеру керек деп тектен тек айтқан жоқ. Бүгін соның біздің өңірде де жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз».null 

45 пәтерлі жаңа үйдің құрылысы биыл көктемде басталып, қараша айының 27-інде пайдалануға берілді. Тұрғын үйде барлығы 45 пәтер, оның 15-і бір бөлмелі, 18-і екі бөлмелі және 12-і үш бөлмелі.

 

Соңғы жаңалықтар