Атбасарда өткен бос орындар жәрмеңкесінде 31 адам жұмысқа орналасты - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен жергілікті жұмыспен қамту орталығы бірлесе бос орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Оған 28 кәсіпорын мен жұмыс іздеген 80-ге жуық адам қатысты. Жұмыс іздеп келгендерге 78 бос жұмыс орыны ұсынылды.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Надежда Райленің айтуынша, осы күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз жүргендер қайта кәсіби даярлықтан өтуде.

Осы күні жәрмеңке барысында 31 адам жұмысқа орналасты. Жалпы, жыл басынан басынан бері ауданның 432 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына - 27, жастар тәжірибесі бойынша - 33, қоғамдық жұмыстарға - 138 адам жіберілді.

Бүгінде Атбасар ауданындағы еңбек нарығында электр және газбен дәнекерлеуші, аспазшылар, кондитерлер, инженерлер, мал дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қажет. 

Соңғы жаңалықтар