+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Атбасарда оқушының тоққа түсуі: Мектеп директоры қызметінен кетті

2019 жылғы 17 сәуір 01:49
Бөлісіңіз:
Атбасарда оқушының тоққа түсуі: Мектеп директоры қызметінен кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Атбасарда ауданында оқушы баланың тоққа түсуі оқиғасына байланысты Мариновка орта мектебінің директоры өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Осы оқиғадан кейін мен мектеп директорына сөгіс жарияладым. Кейін ол сәуірдің 15-де өтініш жазып өз еркімен директорлық қызметінен кетті. Бірақ мектепте мұғалім болып одан әрі жұмыс істей береді", деп мәлім етті ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Атбасар аудандық білім бөлімінің басшысы Наталья Наймушина.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мектеп директорының міндетін оқу ісі жөніндегі орынбасары атқарып жүр.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, қайғылы оқиға Ирченко темір жол стансасында орын алған болатын. 2019 жылғы сәуірдің 11-де шамамен сағат 16:00-де Мариновка орта мектебінің 8-сынып оқушысы 15 жастағы ұл бала пойыздың астық тиегіш вагонына шығады. Вагонда оған жоғары кернеулі электр сымынан ток соғып, көз жұмады. Ал, оның қасында болған бала Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізіледі. Қазіргі кезде бұл баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Осы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК 344-бабының 2 бөлігі (теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережесін бұзу) бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT