Атбасарда құдық ішінен бүлдіршіннің денесі табылды

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда құдықтың ішінен лақтырып тастаған  бүлдіршіннің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 7-ші ақпанында сағат 11:50 шамасында Атбасар аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне "Атбасар су арнасы" коммуналдық кəсіпорынның қызметкері хабарласып, монтаждау  жұмыстары кезінде қаладағы кəріз құдықтарының бірінен қыз баланың мəйіті табылғанын айтқан.

Оның сөзінше, нəрестенің үстінде күртеше, подгузник жəне комбинезон болған. Бүлдіршіннің жасы шамамен 1-3 айлық.

"Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99 бабы бойынша соталды өндірістік іс қозғалды. Сондай-ақ, соттық-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар