Атбасарда көкпар мен бәйгеден жарыс өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданында көкпар және бәйгеден жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған атқа міну мәдениетін дәріптеу мақсатында Ақан Құрманов ауылында ат спортынан жарыстар ұйымдастырылды.null

«Көкпар мен бәйгеге Ярослав, Новомариновка және Ақан Құрманов ауылдық округтерінің шабандоздары қатысты. Көкпар ойынында «Алтын дән» (Родионовка) командасына тең келер ешкім болмады.

Бәйгеде А.Сайфуллиннің аты бірінші келді. Сондай-ақ, Г.Анисимов, Д.Аяшев, Д.Вакулин сияқты бірқатар шабандоздар жақсы нәтиже көрсетті», дейді әкімдіктегілер.

Бұдан кейін жарысқа қатысушылар Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды ат - спорттық іс-шараларға дайындалатын болады.

null

Соңғы жаңалықтар