Атбасарда қарақшылық жасады деген күдікпен 2 азамат ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының Атбасар қаласында қарақшылық қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 13 наурызында Атбасар аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті келіншек хабарласып, 59 жастағы көршісінің қарақшылардың шабуылына ұшырғанын айтқан.

«Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, белгісіз екі ер адам оны күш қолданымыз деп қорқытып, 120 000 теңге ақшасы мен зергерлік бұйымдарын алып кеткен.

Жедел іздестіру шарасы барысында 37 және 30 жастағы екі күдікті анықталып, Астана қаласында ұсталды.

Қазіргікезде күдіктілердің қылмысын мойындап, оларға қатысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалды. Аталған санкция бойынша күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін», - деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар