Атбасарда ірі құс фабрикасы салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысының Атбасар ауданында 50 мың тауыққа арналған құс фабрикасы салынады. Бұл туралы аталған аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Тауықтың еті мен жұмыртқасы нарықта сұранысқа ие. Қазіргі күні фабрика салынатын жер, оның құжаттары мен жоба-жоспары жасалды. Нысанның құрылысы осы жылдың көктеміне қарай басталады», - деді Абай Бекбаев.

Оның айтуынша, фабрика қала шетіндегі диірмен кешендерінің жанынан салынады, онда алғашында 50 мың тауық болса, кейін оның санын 100 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Құс фабрикасы жергілікті 30 адамды жұмыспен қамтиды.

Еске салсақ, өткен жылы Ақмола облысында еліміздегі ең ірі Макинск құс фабрикасы іске қосылды. Облыс басшысы М.Мырзалин атап өткендей аталған құс фабрикасы Қазақстан импортының 30% жабады.

Соңғы жаңалықтар