+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атбасар тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді

2021 жылғы 1 шілде 00:38
Бөлісіңіз:
Атбасар тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды Алматы облысында 65 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен екі шопан ұсталды Із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қостанайлық бойжеткеннің денесі табылды

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 29-да Атбасар аудандық ПБ кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстағанын айтқан.

«Анықталғандай, оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырықпен ұрып қалған. Соққыдан кейін анасы кенеттен көз жұмған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйел бассүйек-ми жарақаты салдарынан көз жұмған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-ші бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT