Атбасар қаласының орталық көшесіне Қанай би есімі берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Атбасар қаласының орталық көшесіне Қанай би есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Атбасар қаласындағы орталық көшеге XVIII ғасырдағы Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Қанай би есімінің берілуіне орай салтанатты шара өтіп, оған аудан және Атбасар қаласының тұрғындары, Ақмола облыстық сотының, аудандық және қалалық әкімдіктер, облыстық және аудандық маслихат, құқық қорғау органдарының басшылары, прокуратура, жергілікті мемлекеттік мекемелер, бизнес құрылымдарының өкілдері, еңбек және сот жүйесінің ардагерлері, сонымен қатар, Қанай бидің ұрпақтары қатысты.

Шарада Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, облыстық маслихаттың депутаты, Атбасар қаласының құрметті азаматы Аждар Тайшытаев, аудандық маслихаттың хатшысы Бағдат Борамбаев, Көкшетау қалалық маслихатының депутаты, Ақмола облысының кәсіпкерлер одағының төрағасы Боранбай Бегалин, Ақмола облысының ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов, Зеренді ауданының мәдениет қайраткері - Қанай бидің ұрпағы Советхан Екпін және басқа да құрметті азаматтар, бидің ұрпақтары сөз сөйледі.

Ақмола облыстық сотының төрағасы өз сөзінде, Қазақ халқының бірігуіне және мемлекеттің тұтастығын сақтауға көп еңбек еткен қайраткерлерді өскелең ұрпақ білуі қажет екенін атап өтті.

«Қанай би атындағы көше қаланың келбетіне айналуы керек. Себебі, Қанай бидің есімі даналықты және тұрақтылықты бейнелеп, мақтаныш, күш пен ерлікті сондай-ақ, бірлікпен, мықты мемлекетті және әділ қоғамды айшықтап тұрады» - деді Досжан Әміров.

Сонымен қатар, сот төрағасы судьялар қауымдастығы мен жергілікті атқарушы органдардың қазақ халқының билерінің есімдерімен ауыл және көше атауларын өзгерту бойынша үлес қосқан еңбектерін атап өтті. Бүгінгі таңда облысымызда 15 көше және 1 кентіне қазақ билерінің есімі беріліп, осы арқылы қазақ халқының тарихы жаңғыртылды.

«Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшылығымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының негізгі Қағидаларын жүзеге асыру мақсатында жүргізілуде» - деп толықтырды Д.Әміров.

Айта кетейік, Қанай би Құттымбетұлы - шешен, батыр, Абылайханның бас кеңесшісі. Ақмола облысының Зеренді ауданы аумағында туған. XVIII ғасырдағы орта жүздің беделді көшбасшысы, сыртқы жауларға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысушы және ұйымдастырушы, даңқты қолбасшы, қазақ жерлерінен жоңғарлардан азат етуге зор үлес қосқан. Ол ақылдылығы және шешендігімен ерекшеленіп, Абылайханның бас кеңесшісі болған.

null

Соңғы жаңалықтар