Атбасар қаласында суда қалған үйлердің саны 330-ға жетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жабай өзенінің суы бүгін түнде күрт көтерілуі салдарынан Атбасар қаласындағы суда қалған үйлердің саны 330 ға жетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша, түнде өзен суы тағы бірнеше есе көтеріліп, 8 кешенің бойындағы 330 үй топан судың астында қалды. Қаланың батыс жағындағы су жіберу арнасы өзеннен ағып келіп жатқан суды өткізіп үлгермей жатыр. Осыған байланысты су ағысына бөгет болған жол төсенділерін қопарып алып тастауға тура келді. Нәтижесінде су сәл де болса қайта бастады. Дегенмен, қауіптің беті әлі сейілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар