Атбасар қаласында суда қалған үйлердің саны 240-қа жетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жабай өзенінің суы соңғы бірер сағаттың ішінде күрт көтерілуіне байланысты Атбасар қаласындағы суда қалған үйлердің саны 240-қа жетті. Бұл туралы аудан әкімі Жомарт Нұркенов мәлім етті.

Ж.Нұркеновтің айтуынша, өзен суы сағат сайын көтерілуде. Осыған байланысты суда қалған үйлердің де саны артуда. Абырой болғанда, адам мен мал шығыны жоқ.

«Суда қалған үйлер негізінен Заречный кенті мен өзен жағасында орналасқандар. Дәл қазір, топан судың астында 240 үй қалды. Ондағы адамдардың негізгі бөлігі ағайын-туыстарын паналаса, қалған 76-сы мектеп ғимаратына жайғастырылды. Мамандардың болжамы бойынша, өзен суы бірер күннің ішінде беті қайтар түрі жоқ. Керісінше, бүгін-ертең ең жоғары деңгейіне жетеді. Сондықтан, құтқару жұмыстарын одан әрі жалғастыра беретін боламыз», - деді Ж.Нұркенов.

Соңғы жаңалықтар