Атбасар қаласында су тасқыны салдарынан қираған 44 үй жаңадан тұрғызылатын болады - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында су тасқыны салдарынан қирап, жөндеуге жарамайтын 44 үйді жаңадан, қалған үйлер толығымен жөнделетін болады. Бұл туралы Ақмола облысының Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарында су тасқынына ұшыраған елді мекендерді тікұшақпен аралап көрген, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Ақмола облысының алты ауданында орналасқан бірқатар елді мекендерді су алып қалды. Әсіресе, Атбасар қаласында жағдай күрделі болып отыр. Осы мақсатта Атбасар қаласында облыс және аудандар әкімдіктерінің, ТЖ министрлігінің, ішкі істер органдарының, жол қызметтерінің күштері, энергетиктер мен медициналық қызметкерлер құтқару іс-шаралары қолға алынып, оған ҚР ТЖМ 205 адам, 40 бірлік техника, 10 бірлік жүзу құралы, 13 мотопомпа мен бір өрт-сорғы станциясы тартылды.

Бақытжан Сағынтаев Атбасар қаласында суда қалған үйлермен транспорттық инфрақұрылымды аралап көріп, тұрғындармен кездесті.

Бұдан кейін, орын алған жағдайға байланысты мәжіліс өткізіп, ҚР ТЖМ Владимир Божко мен облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтің есебін тыңдады.

Өз сөзінде, Үкімет басшысының бірінші орынбасары: "Атбасар қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетілетін болады. Бұл мәселе - Елбасы мен Үкіметтің назарында. Сондықтан, баспанасыз қалған адамдарды шұғыл жайғастырып, ұйымдастыру жұмыстарын ширату қажет. Әсіресе, қаржыландыру мәселесін тез арада шешуіміз керек".

"Атбасар қаласында су тасқыны салдарынан қирап, жөндеуге жарамай қалған 44 үй қайта салынып, қалған үйлерді арнайы жұмыс комиссиясының қорытындысына сай толығымен жөндейтін боламыз. Бірінші кезекте, тұрғын үйлер мен жолдарды тез арада жөнге келтіру керек", - деді Б.Сағынтаев.

Осыған орай, Б. Сағынтаев ТЖМ табиғат апатынан зардап шеккен аудандардаға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, Өңірлік даму министрлігі, экономика министрлігі, қаржы министрлігі және облыс әкімдігімен бірлесіп, зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін қаржы көзін бөлу бойынша ұсыныстарын енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар