+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Атбасар қаласында су басу қаупі бар аумақтан 459 отбасы көшірілді

2020 жылғы 25 ақпан 23:48
Бөлісіңіз:
Атбасар қаласында су басу қаупі бар аумақтан 459 отбасы көшірілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында су тасқынының қауіпті аумағынан 459 отбасы көшірілді. Аудан бойынша тағы 502 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Юрий Ильин Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар аймақтарын әуеден бақылады Алматыда су тасқынымен күреске 6 мың адам жұмылдырылады Алматы облысында жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріледі

«Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 54 елдімекенде (14 аудандағы) су тасқынына қарсы іс-шаралар, су өткізетін 41 нысанды жөндеу жұмыстары жүргізілді, су ағатын 27 шақырым арна тереңдетілді және кеңейтілді, 16,5 шақырым бөгет пен топырақ үйіндісі нығайтылды, 17 шақырым бөгет тұрғызылды, өзен арнасының 5 шақырым аралықта түбі тазартылды.

Бұдан бөлек, 181 тонна жанар-жағар май, 8 мың тонна инертті материалдар мен құм салуға арналған 50 мың қап қор жасалды. Елдімекендерден 800 мыңнан астам текше метр қар шығарылып, 2445 адам мен 1090 арнайы техника, 229 мотопомп, 60 жүзу құралы әзірленді. Су тасқынының алдын алу мақсатында 66 гидро-метеостанса мен бекет бақылау жасап отырады, бұған қосымша тағы 97 бақылау бекеті ұйымдастырылады»,— дейді Е.Маржықпаев.

Аймақ басшысының мәліметінше, Жол картасы шеңберінде 2020 жылға жоспарланған шараның 14-і жүзеге асырылуда.

«Нұр-Сұлтан қаласын су алып қалуына жол бермеу мақсатында Есіл өзені жағасының дөңес жерін тегістеу және Нұр-Сұлтан қаласы шекарасынан Арайлы ауылына дейінгі (Талапкер ауылынан Арайлы ауылына дейін) өзен арнасын кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Есіл өзені арнасын табиғи (топырақ, бұталар, қамыс) шөгінділерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Ағын суды апатсыз өткізу шеңберінде Есіл өзені арнасын кеңейту (бұған 30 бірлік арнайы техника тартылып, өзен арнасының ені 100 метр, ұзындығы 30 шақырымға дейінгі аумағы тазартылады) жұмыстары басталды. Атбасар қаласында су тасқынының қауіпті аумағынан 459 отбасы көшірілді, Атбасар ауданы бойынша қауіпті аумақтан тағы қосымша 502 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде Атбасар қаласында 100 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда»,— дейді Е.Маржықпаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы атап өткендей, гидрологиялық мәліметтерді нақтылау бойынша Жабай өзені бойынша (Атбасар және Сандықтау аудандары) экспедиция ұйымдастырылды. Оның нәтижесі бойынша өзен аңғарында қардың қалыңдығы 34 пайыздан жоғары, ылғал 2 есе көп, сондай-ақ, топырақтың қатуы өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға төмен екені анықталды.

Наурыз айында облыстың су басу қаупі бар 10 ауданында 20 мың шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Барлық қажетті шаралар орындалып, қатаң бақылауға алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT