Атбасар қаласында су басу қаупі әлі сейілген жоқ

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары ойдағы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атбасар ауданының әкімі Жомарт Нүркенов мәлім етті.

Облыстағы ең қауіпті аймақ саналатын Атбасар қаласындағы тұрғын үйлерді су шайып кетуіне жол бермеу үшін аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі тасқын судың арнасынан асып кетпеуін бақылауға алып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 10 миллион теңге қаржы да бөлініп, 45 техника жұмылдырылған.

«Аудан орталығындағы Чкалов көшесінің бойымен су көп ағады. Сол себепті жыл сайын осы көшенің бойындағы үйлерді су шайып кетеді. Биыл осыған жол бермеу үшін қауіпті деген көшелердің бойындағы суағарларды жөнге келтіріп, қосымша жыралар қазып судың ағысын реттеп отырмыз. Атбасар қаласы арқылы өтетін Жабай өзенінің суы сәуірдің 5-12 аралығында ең жоғары деңгейіне жететінін ескерсек, қауіп әлі сейілген жоқ. Дегенмен, көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары ойдағы жүргізіліп жатыр», - дейді Ж.Нүркенов.

Соңғы жаңалықтар