Атбасар қаласында өзен суының көтерілуі салдарынан бұзылған бөгет қайта қалпына келтірілді - Ақмола облысы (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында Жабай өзенінің суы көтерілуі салдарынан бұзылған бөгет қайта қалпына келтірілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Сәуірдің 7-і күні кешкі уақыт 20:30 шамасында Атбасар қаласындағы Челюскин көшесі аумағында Жабай өзенінің суы көтеріліп, тұрғын үйлерді судан қорғау мақсатында салынған бөгетті бұзып кеткен. Осыған байланысты жедел жұмыстар мен алдын алу шаралары қолға алынып,  инертті материалдар салынған қаптармен және топырақпен бөгеттің бұзылған жері нығайтылды. Тұрғындардың зардап шегуіне және үйлерді су басуына жол берілген жоқ», деп көрсетілген хабарламада.

Еске сала кетсек,  көктемгі су тасқынының қаупіне байланысты өңірде қарғын судың апатсыз ағып өтуіне жағдай жасау үшін барлық күштер тәулік бойы жұмыс істеп,  судың деңгейін бақылауда ұстауда.

Ең қауіпті аймақ саналатын Атбасар қаласындағы Жабай өзенін бойлай биіктігі 7 метр, ені 10 метр және ұзындығы 7,5 шақырым бөгет тұрғызылды. Қауіпті аймақтағы 21 үйдің тұрғындары алдын ала ескертіліп, адамдар мен мал-мүлік қауіпсіз жерге шығарылды. Алдын алу шараларына барлығы 300 жуық адам және 55 арнайы техника жұмылдырылып отыр.

2 3 4 

Соңғы жаңалықтар