Атбасар ауданының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы ашылған есепшотқа 21 млн. 600 мың теңге қаржы түскен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтарға 21 млн. 600 мың теңге жинап үлгерді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендерге 25 АЕК есебі негізінде бір реттік берілетін төлемақы төлеу үшін Атбасар ауданы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінде өтініш қабылданып, тұрғындардың тізімі жасалынуда. Бірінші кезекте үйлері тұруға жарамсыз деп танылған адамдарға көмек көрсетілетін болады. Бүгінгі күні 72 тұрғынға 3,500 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.

Ал қалған үйлердің тұрғындарына зерттеу жұмыстары аяқталғаннан соң берілмек. Атбасар аудандық ауруханасының ақпараты бойынша, су басқан аймақтардағы жағдай тұрақты. Учаскелік желімен барлық үйді-үйлерге барып, адамдардың жынысы мен жасы жөнінде тізім жасалынды.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша шайынды су ағызылатын 15 шұңқырдың суы сыртқа төгіліп, 34 мекенжай бойынша төселген күл қала сыртына шығарылды.

Құзыреті органдармен ішетін ас-суының сапасы да бақылауға алынған. Қазір 93 адам жалдамалы баспанаға жайғастырылды. Астана, Көкшетау және Атбасар қаласының мешітінің өкілдерімен зардап шеккендер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, «Есіл» ӘКК арқылы жалпы құны 847 440 теңгенің әлеуметтік маңызы зор азық-түлік түрлері жеткізілген.

Жергілікті кәсіпкерлерде қол ұшын созып, 1 700 000 теңге көмек көрсеткен. Әсіресе, серіктестіктер 21 техника мен 586 000 теңгенің азық-түлігін ұсынған.

Сонымен қатар, ең көп зардап шеккен атбасарлықтарға материалдық көмек көрсету мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері де бір күндік табысын аударуда. Қазірдің өзінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Атбасар ауданының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы ашылған есепшотқа 21 млн. 600 мың теңге қаржы түскен.

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы Атбасар ауданында көктемгі су тасқынынан жапа шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету акциясы да жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар