Атбасар ауданының бұрынғы әкімі Ж.Нұркенов Аршалы ауданына әкім болып тағайындалды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов ротациялау бойынша Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жомарт Жұмағалиұлы 1974 жылы туған, екі жоғары білімі бар, Ақмола аграрлық университетін және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндірістік кооперативінің мал дәрігері болып бастады. 1998 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық бақылау бөлімінің меңгерушісі, бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, кейін басқарма бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2002 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының ветеринарлық бақылау бөлімінің бастығы лауазымына ауысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарды.

2012 жылғы ақпан мен 2013 жылғы маусым аралығында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды.

2013 жылғы маусымнан бастап Атбасар ауданының әкімі лауазымын атқарды.

І дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған.

Соңғы жаңалықтар