Атбасар ауданының әкімі пара алмақ болған кезінде ұсталды - Ақмола облысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлықпен күрес органдарының өкілдері жүйелі түрде пара алып келген Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі А.Никишовты ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нақтырақ айтқанда, пара мемлекеттік сатып алуларға арналған конкурстарға мүдделілік таныту бойынша кәсіпкерлерге жасалған «қамқорлық» үшін алынып келген. Аудан әкімінің заңсыз әрекетіне орынбасары А.Серкебаев белсенді түрде көмектесіп келген.

31 тамызда Никишов пен Серкебаев Атбасар қаласының қазандықтары мен жылу магистральдарын жөндеу жұмыстарының құжаттарына қол қою және оған ақша аудару үшін «ИшимСтройИнвест» ЖШС-нің директоры Бапхоевтан 4 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түсті.
Никишов пен Серкебаев өзара келісе отырып аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша атқарылатын жұмыстарға жауапты мердігерден ақша жинап алып жүргені анықталып отыр.

Алынған параның жалпы сомасы 10 миллион теңгеге жеткен. Аудандық әкімдіктің басшылары көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайды пайдаланып, табиғаттың тосын мінезінің зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру жоспарын құрған.
Осылайша, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, өзен арналарын тазалау және бөгеттерді нығайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей зардап шеккен үй-жайларды сүру үшін мемлекеттік тапсырыстар кейін сыйақы алып отыру үшін алдын ала белгіленген компанияларға ғана бөлініп отырған.

2 қыркүйекте Көкшетау қаласының сотымен Никишов пен Серкебаев тұтқындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар