Атбасар ауданында 24 жасар қыздың мәйіті табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданында Жабай өзенінің жағасында 24 жасар қыздың мүрдесі табылды. Бұл туралы құқық қорғау қызметкерлері мәлім етті.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қыздың мәйіті жөнінде аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем бригадасының фельдшері хабарлаған. Тексеріс барысында мәйіт 1990 жылы туылған қыз баланікі екені анықталды. Денесінде ешқандай күш көрсетудің белгісі байқалмаған, суға батып өлгенге ұқсайды.

Қазіргі кезде аталған қыздың денесі мәйітханаға жіберілді.

Дәл осындай оқиға Бурабай ауданында тіркелді. Бұл жолы "Синегорье" ЖШС-нің суқоймасының маңында 1989 жылғы ер адамның денесі табылған.

Соңғы жаңалықтар