Атаулы жалақы 338 мың теңгені құрайды – ұлттық статистика

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2022 жылдың төртінші тоқсанында атаулы жалақының орташа мәні 338 715 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 22,9%, нақты мәнде 2,8% құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы төртінші тоқсанда бағалау бойынша 204 168 теңге болды», - делінген ведомство мәліметінде.

Бір жылда орташа айлық жалақы құрылыс саласында – 42%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде – 32,6%, ақпарат және байланыста 31,9% өсті. Ал түрлі қызмет көрсету саласында керісінше, 2,4% төмендеген.


Соңғы жаңалықтар