Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктері әзірленіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Семей қаласының зейнеткерлерімен, мүгедектігі бар азаматтармен және Шемонаиха қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Алдымен министр «Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне» барды. Қарттар үйінің тұрғындарымен әңгіме барысында Министр Қазақстанда жыл сайын бірлескен зейнетақылар инфляциядан бұрын өсіп келе жатқанын, сонымен қатар, өткен жылы еңбек өтілін ескере отырып, базалық зейнетақылардың көбейтілгенін атап өтті.

«2019 жылы республикалық бюджетте зейнетақы төлемдеріне 2,3 трлн теңге көзделген, бұл өткен жылғы деңгейден 15 пайызға жоғары. Қарт адамдарға қамқорлық – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады. Құрметті демалысқа шыққан барлық азаматтар тұрақты зейнетақы алады, зейнетақымен қамсыздандыру шығыстары қысқармайды», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, ол мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін жеке бақылауға алғанын айтты.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мүгедектігі бар 421,1 мың адамның 34,8 пайызын құрады,. Жергілікті атқарушы органдар оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша бюджет қаражатын тиімді жоспарлауды және игеруді қамтамасыз етуге тиіс. Біз мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына қысым жасауға жол бермеуіміз. Оларды қоғам өміріне толыққанды интеграциялау үшін қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мәселесін шешуіміз керек», – деп атап өтті министр.

Біржан Нұрымбетов Шемонаиха қаласы мен жақын маңындағы ауыл тұрғындарымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында біздің алдымызға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің ашықтығын, әділдігін және еңбекке ынталандыру үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін түзету міндетін қойды. Жақын арада біз жаңа тәсілдерді жариялаймыз. Олардың басты артықшылығы көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды жақсарту болады. 2020 жылдан бастап мектепке дейінгі жастағы балаларға тұрақты көмек, оқушыларға тегін ыстық тамақ, оларды оқуға қажетті керек-жарақтармен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, тегін жол жүру, сондай-ақ медициналық көмек кіретін аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған бірыңғай кепілді әлеуметтік пакет нормативтік түрде анықталады», – деді министр.



Соңғы жаңалықтар