Атаулы әлеуметтік көмекті төтенше жағдай кезінде төлеу автоматты түрде созылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атаулы әлеуметтік көмекті төтенше жағдай кезінде төлеу автоматты түрде созылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай кезінде мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз ету міндеттерін уақтылы және толық орындау үшін барлық іс-шараларды іске асырып жатыр. Атап айтқанда, 2021 жылдың төртінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті төтенше жағдай кезінде төлеу автоматты түрде созылады және ол азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Мүгедектігі бар азаматтарға төтенше жағдай кезінде қайта куәландыру уақыты келген жағдайда мүгедектігі автоматты түрде созылады және де осы азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ», -деген Ербол Оспанов бұл жұмыстар ақпараттық жүйе арқылы жасалатынын түсіндірді.

Сондай-ақ, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтардың алдындағы мемлекеттік міндеттемелері кедергісіз орындалып жатқанын атады.

«Сонымен қатар барлық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтардың алдындағы мемлекеттік міндеттемелердің бәрі уақтылы және толық көлемде орындалып жатыр», - деді вице-министр».


Соңғы жаңалықтар