USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатыла ма: Министрлік жауабы

2019 жылғы 8 маусым 10:12
Бөлісіңіз:
Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатыла ма: Министрлік жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің тоқтатылуы туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек төлеу жақынарада тоқтатылатыны туралы жалған ақпарат таралуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпаратты ресми жоққа шығарады. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды», - делінген министрліктің мәліметінде.

Ағымдағы жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған.

«Сонымен қатар, Еңбек министрлігі басқа мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдіктермен бірлесе отырып, аз қамтылған және балалы отбасыларды жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтудың барлық ұйымдастырушылық, рәсімдік, нормативтік және қаржылық мәселелерін шешті», - деді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT