Атаулы әлеуметтік көмек құжаттарына қатысты ақпарат жалған - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Әлеуметтік желілерде таратылған ХҚО-да атаулы әлеуметтік көмек құжаттарын қабылдау туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар