Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 66 пайызы ауылда тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 504  мың адамды құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы мемлекеттік бюджетте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу үшін  28,9 миллиард теңге, оның ішінде нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 18,4  миллиард теңге және жергілікті бюджеттен 10,6  миллиард теңге көзделген.  2018 жылғы 9 айға атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің сомасы 19,5  миллиард теңгені немесе 67,4 пайызды құрады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. .

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің едәуір игерілуі мына аймақтарда байқалды: Түркістан облысында (100%), Шығыс Қазақстан облысында (99,5%), Солтүстік Қазақстан облысында (99,1%), Павлодар облысында (91%), сондай-ақ Шымкент қаласында (99,9%).

Ал Алматы қаласында (16,9%), Астана қаласында (34,4%), сондай-ақ Маңғыстау облысында (46,8%) бөлінген трансферттер төмен деңгейде игерілген.

«9 айдың қорытындысы бойынша жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 504  мың адамды немесе 97,3 мың  отбасын құрайды. Оның ішінде 72,4 мың адам немесе атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 14,4 пайызы шартсыз ақшалай көмек, ал 431,6 мың адам, яғни 85,6 пайызы шартты ақшалай көмек алады», - деді ведомство басшысы.

Өңірлер бөлінісінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі Түркістан облысында - 34,8 пайыз, Жамбыл облысында - 11,7  пайыз, Алматы облысында - 10,7, Қызылорда облысында - 7, сондай -ақ Шымкент қаласында - 9,7 пайыз.

«Алушылардың 66 пайызы ауылдық жерлерде және 34 пайызы қалалық жерде тұрады», - деп нақтылады министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықталып жатқанын мәлім етті.

Сонымен қатар Мәдина Әбілқасымова кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты мәліметтерді жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар