+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға дәрі-дәрмек қобдишасы тегін беріледі

2021 жылғы 8 шілде 21:10
Бөлісіңіз:
Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға дәрі-дәрмек қобдишасы тегін беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АӘК алушыларға COVID-19 ауруының алдын алу мақсатында дәрі-дәрмек қобдишасы тегін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

COVID-19 ауруының алдын алу аясында Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға медициналық дәрі -дәрмек қобдишаларын ұсыну бойынша акция басталды. Барлығы 145 мың жиынтық тегін таратылады.

Жиынтық құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометр, маска, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Алушыларға дәрі-дәрмек қобдишаларын жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады.

Бұл шара қиын материалдық жағдайдағы отбасылардың экономикалық ауыртпалығын азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

«Бұл халықтың ең осал тобына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды әрі қажетті жоба. Біз бұл дәрі-дәрмек қобдишалары азаматтарымыз үшін COVID-19 ауруының алдын алуда көмек болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті ҚР Еңбекмині Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина.

АӘК алушыларды медициналық жиынтықпен қамтамасыз ету жөніндегі жоба Азия Даму Банкінің қаржылық қолдауымен іске асырылды, БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі - сатып алу операторы.

«Әлемдегі бір де бір ұйым және бір де бір ел пандемияны жалғыз өзі жеңе алмайтыны анық болды. АДБ БҰҰДБ және даму жөніндегі басқа да серіктестермен тығыз ынтымақтаса отырып, Қазақстан Үкіметіне пандемияға қарсы күресте қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы жоба аясында біз ең осал отбасыларды қолдаймыз, Қазақстанға вирустың таралуын тежеуге және пандемияны жеңуге көмектесеміз», – деді АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Нариман Маннапбеков.

«АДБ-мен бірлесіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайларға тұрақтылығын нығайтуға көмектесеміз. Бұл жолы біз Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарын сатып алуға қолдау көрсеттік», – деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш.

Осы жобаны іске асыру 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «барлық азаматтар үшін жарқын және неғұрлым тұрақты болашаққа қол жеткізу жоспары» ретінде әзірлеген орнықты даму мақсаттарына сәйкес келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT