Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар әрі қарай әлеуметтік көмек ала береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындарға әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пролонгация жасалды. Төртінші тоқсанда АӘК алатын тұлғаларға 2022 жылдың бірінші тоқсанында автоматты түрде ұзартылды», - деді брифинг барысында Серік Шапкенов.

Бұған дейін ведомство басшысы министрліктің өз міндеттерін толық көлемде атқарып жатқанын хабарлаған болатын.

«Зейнетақы мен жәрдемақыларға тоқталар болсақ, қазіргі уақытта толық көлемде және уақытылы беріліп жатыр. Қазіргі таңда 174 млрд теңге төленді. Бұл қаражат азаматтардың шотында жатыр», - деді Серік Шапкенов.


Соңғы жаңалықтар