+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Atamnyń amanaty» ұйымы «Жылы жүрек» сыйлығымен марапатталды

2020 жылғы 5 қараша 17:56
Бөлісіңіз:
«Atamnyń amanaty» ұйымы «Жылы жүрек» сыйлығымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Atamnyń amanaty» қоғамдық бірлестігін «Жылы жүрек» бүкілресейлік сыйлығымен марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Atamnyń amanaty» ұйымы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақстандық сарбаздардың жерленген жерлерін анықтап, мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысады. Биыл Ұйым «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен қолға алынған «Өзгерістер саруарлары» акселерациясының жеңімпазы ретінде үздік 20 жобаның тізіміне енген. «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ төрағасы Данияр Есиннің айтуынша, жоба қазақстандықтардың патриотизмі мен Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне бағытталған.

- «Atamnyń amanaty» ұйымының өкілдері қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нағыз елшілеріне айналды. Бұл өз елінің тарихи мұрасына бей-жай қарамайтын жас қазақстандықтардан құралған ұйым. Бүгінгінің батырлары десек те болады. Өйткені, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткендерді іздеп, олардың мәңгі есте қалуы үшін мұрағаттық-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқандықтары үлкен ерлік. Майданда соғысқан 1,5 миллион қазақстандықтың 270 мыңы хабар-ошарсыз кеткен. Арада талай жыл өтті. Сол кездегі куәгерлердің көбі бүгінде өмірде жоқ. Яғни, деректердің жойылғанына байланысты із-түзсіз жоғалғандарды табу өте қиын. Соған қарамастан «Atamnyń amanaty» ұйымы табандылық танытып, талай сарбазды табуға еңбек сіңіріп жатыр», - дейді Данияр Есин.


Жалпы, «Atamnyń amanaty» мүшелері соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен 600-ден астам сарбазды тапқан. 2019 жылы қоғамдық бірлестік ҚР Қорғаныс министрлігі және Алматы, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан 5 сарбаз бен офицердің сүйектерін әскери құрметін сақтай отырып, салтанатты түрде елге жеткізген болатын.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко ата-бабаларымыз туралы естеліктерді жаңғыртуда «Atamnyń amanaty» қоғамдық бірлестігінің маңыздылығына тоқталып, жастардың сана-сезімін оята алатын үлкен жоба екендігін атап өтті.


«Бұл марапат – тарихи жадымызды қалпына келтіру үшін тынбай еңбектеніп жүрген замандастарымыздың жұмысына берілген баға. Біз «Рухани жаңғыру» жобаларының акселерациясындамыз. Осы орайда өз тәжірибемізбен бөлісуге әрдайым дайынбыз», - дейді «Atamnyń amanaty» басқармасының төрағасы Мұрат Молдағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT