+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Атамқұлов утилизациялық алым жайлы: Қазақстандық өндірушілерді қолдауымыз керек

2020 жылғы 7 қыркүйек 18:13
Бөлісіңіз:
Атамқұлов утилизациялық алым жайлы: Қазақстандық өндірушілерді қолдауымыз керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов утилизациялық алымды дамыту бойынша жұмыс жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтің бұл бағытта қабылдаған жұмыстарының басымдықтары мен кемшіліктерінің бәрін терең талдауымыз керек. Бүгінгі таңда утилизациялық алым мен Үкімет жасаған қадамдар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандырып отыр. Ауылшаруашылық техникалары өндірісін ынталандыра отырып, жаңа өндірісті, жаңа жұмыс орындарын құрамыз», - деді Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингіде.

Министрдің айтуынша, 28 тамызда немістің жетекші «Claas» компаниясымен келісім жасалды.

«Біз жалпы, осы жұмысты реттеу үшін 10 жылдай еңбек еттік. Бұл - өте салмақты нарық. Ауыл шаруашылығы техникасының нарығында бәсекелестер көп. Біздің нарықта да олардың көптеген бренді бар. Бізге қолдау білдірген неміс серіктестерге алғыс айтамыз. Нарықтар ауқымына қатысты қауіп барына қарамастан, қазірдің өзінде 200 комбайн құрастырыла бастады», - деді министр.

Бейбіт Атамқұлов бұл ретте, Үкіметтен қолдаудың керек болғанын жеткізді.

«Келесі жылдан бастап біртіндеп локализация бағдарламасын бастап, оны 20-дан 40 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Жалпы, утилизациялық алымға жұмсап жатқан қаражат Қазақстанда жаңа жұмыс орындарып құрып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Екіншіден, Қазақстанда жұмыс істейтін өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша лизинг ұсынамыз. Осы жоспар негізінде 22 мың ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады. Бұл жоспарды біздің министрлік алдағы үш жылға қойып отыр. Әлбетте утилизациялық алымға қатысты әлі де пікірталастың артатыны анық. Алайда, біз бірінші кезекте, қазақстандық өндірушілерді қолдауымыз керек», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT