Атамқұлов Ресейдің Сыртқы істер министрімен сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді», - делінген хабарламада.

Диалог барысында Қазақстан-Ресей өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар