Атамқұлов БҰҰ Даму бағдарламасының және ЮНИСЕФ Тұрақты өкілдерін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы жаңа Тұрақты өкілі Якуп Беришті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында 2016-2020 жылдарға арналған бесжылдық бағдарлама, 2030 жылға дейінгі Даму күн тәртібі мен Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жүзеге асыру, сонымен қатар Дамуға ресми көмектің ұлттық жүйесін дамыту шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Үкіметі ОДМ-ды жүзеге асыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Осы жылдың шілде айында біздің еліміз Нью-Йорк қаласындағы жоғары деңгейдегі саяси форум аясында ОДМ-ды жүзеге асыру бойынша алғашқы ерікті ұлттық шолуды ұсынды», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.

Я. Бериш ҚР мен БҰҰДБ ынтымақтастығының үнемі артып келе жатқанын қанағаттанарлықпен атап өтііп, министрді БҰҰДБ қызметі, Қазақстанда өткізіліп жатқан іс-шаралар мен жобалар туралы хабардар етті. Сонымен қатар ол Қазақстан Үкіметіне Алматы қаласында БҰҰ-ның түрлі агенттіктері орналасқан жаңа ғимарат үшін алғысын білдірді.

«Сол күні СІМ басшысы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Өкілі Артур ван Дизенмен кездесті. ЮНИСЕФ Балалар қорына Қазақстан Үкіметіне балаларды қорғау мәселелері бойынша көрсетіп жатқан қолғабыс үшін алғыс білдірілді. 2019 жылы ЮНИСЕФ Қоры мемлекетімізде ювеналды әділетті дамыту, балаларға мейірімді сот төрелігін құруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастығын белсенді жалғастырып келеді», - деді ведомстводан.

БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ҚР аумағында әрекет ететін БҰҰ-ның ең ірі агенттігі болып табылады. БҰҰДБ Қазақстанға көмек көрсету бағдарламасын 1993 жылы бастады. 1994 жылы қазанда ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ арасында Қазақстандағы бағдарлама қызметінің басым бағыттарын қамтитын ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ЮНИСЕФ өз жұмысын Қазақстанда 1992 жылы бастады. 1999 жылы Алматыда Орталық Азия елдері мен Қазақстан бойынша аймақтық офис ашылды, 2001 жылы Нұр-Сұлтанда кеңсе ашылды.

Соңғы жаңалықтар