«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми өкілі тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (ҚПО) операторларымен ықпалдастық және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі болып Асылбек Жақиев тағайындалды.

Асылбек Жақиев 1984 жылғы 8 мамырда Атырау қаласында туған. КИМЭП-ті бітіріп, әлеуметтік ғылымдардың бакалаврі дәрежесін алды. Тренто (Италия), Регенсбург (Германия), Корвинус (Венгрия) университеттерінде «Салыстырмалы локальдық даму бойынша Еуропа біріккен магистратурасы» бағдарламасымен оқып, магистр дәрежесін алған, сондай-ақ Женева халықаралық қатынастар институтында (Швейцария) оқыған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Әр жылдарда «Аджип ККО» компаниясында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-та жұмыс істеген, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Атырау облысындағы өңірлік консультанты болған, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Атырау мұнай және газ университетінде сабақ берген, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалының директоры болған. 2013 жылдан 2018 жылға дейін Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасын басқарған.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

Асылбек Жақиевке жаңа лауазымында ірі мұнай-газ операторларымен ықпалдастық жөніндегі міндеттер жүктелген. 

Соңғы жаңалықтар