«Атамекен» ҰКП өкілі Назарбаев әуежайындағы кезек кептелісі туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева БАҚ өкілдерінің әуежайлар мен вокзалдарда туындап жатқан кезек кептелістері сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның процестерді үйлестіру ісінде көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, аталған орындарда адам шоғырын болдырмауға тырысып жатырмыз. Әлеуметтік желідегі елорда әуежайының кіре берісінде адамдардың шоғырлағаны бейнеленген сурет тарады. Сол туралы да пікір білдіргім келеді. Шын мәнінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушыларды шығарып салушылар мен қарсы алушылар ғимаратқа жіберілмеген болатын. Қазір бұл мәселе шешілді», - деді «Атамекен» өкілі.

Кәсіпкерлер палатасы өкілі ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің қаулысымен Ashyq жобасына қатысушы әуежайлар мен теміржол вокзалдарына шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне рұқсат берілгенін еске салды.

«Бүгінде ешқандай адам шоғыры жоқ. Бұған қоса қауіпсіздік жағынан келер болсақ, үлкен жұмыс күтіп тұр. Өйткені осы бірнеше күннің ішінде қызыл түсті мәртебесі бар 8, сары түсті мәртебесі бар 9 адам анықталды. Сонда 15 инфекция жұқтырған азамат келген болып отыр. Олардың кейбірі дәл осындай тексеру жүргізілмеген әуежайлардан бізге келіп, сапарын жалғастырмақ болған. Қазір Нұрсұлтан Назарбев халықаралық әуежайымен тұрақты байланыстамыз. Ешқандай кезек кептелісі байқалып отырған жоқ», - деді Юлия Якупбаева.


Соңғы жаңалықтар