«Атамекен» шығын ауқымын фото, видео арқылы тіркеуді сұрап отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ҰКП тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлерден келген шығынның ауқымы мен көлемін фото және видео арқылы тіркеуді сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының ұлттық кеңесі қазақстандық жер қойнауын игерушілер мен ірі кәсіпкерлерге жүгініп, тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарын іске қосу бойынша қаржылай қолдау білдіріп, көмек көрсетуді сұрады.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің бұл бастамасын қолдады. Палата кәсіпкерлерден тәртіпсіздіктер кезінде келген шығынның ауқымы мен көлемін фото және видео деректер арқылы тіркеуді сұрап отыр. Бұл көмек сұрау кезінде шығынның көлемін дәлелдеу үшін қажет.

«Шығын туралы актіні өз күштеріңізбен алдын ала рәсімдеуді сұраймыз», - делінген ұлттық палата хабарламасында.

Еске салсақ, «Күшіміз бірлікте» қорына жиналған қаражат тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарына көмек ретінде бағытталады. Ол үшін комиссияның тиісті шешімі қажет.


Соңғы жаңалықтар