«Атамекен» палатасы WorldSkills чемпионатына қолдау жасайды - Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "WorldSkills Kazakstan" республикалық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Аталған сайыс болашақ жұмысшы мамандар - колледж студенттері арасында ұйымдастырылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Алдыңғы күні мен чемпионатқа арнайы барып, қызықты әрі тартысты бәсекені көрдім. Сол кезде жастардың тарапынан WorldSkills қауымдастығын басқаруға ұсыныс түсті. Мен осы ұсынысқа келіскеніме өкінбеймін. Сосын ол күні "Атамекен" палатасының отырысына да қатыстым. Жиында біздің мықты деген кәсіпкерлеріміз болды. Мен айттым, бәріңіз осы жерде отырсыздар, ал жолдың арғы бетінде WorldSkills чемпионаты өтіп жатыр. Оған кім барды? Кім қолдау білдірді? Ешкімді көрмедім дедім. Бірең-саран компаниялар ғана демеушілік жасады. Көбісі - шағын кәсіпкерлер. Болды. Жиында барлық кәсіпкерлер қолдау білдірді. Келесі жылдан бастап барлық "Атамекен" палатасы WorldSkills қауымдастығымен жұмыс істейтін болады", - деді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.
null 

Премьер-Министр жеңімпаздарды да марапаттап, барлығына сәттілік тіледі. Бірінші орын алғандардың бәрі келесі жылы Қазан қаласында өтетін әлемдік додаға қатысады.

Айта кетейік, жақында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Атамекен" ҰКП Президиумының кеңейтілген отырысына жиналған кәсіпкерлерді сынға алған болатын. "Бүгін WorldSkills бойынша кезекті чемпионат басталды. Мен өзім барып, көріп келдім. Ол жерде колледжде оқитын жастар өзара сынға түседі. Чемпионат тағы екі күнге жалғасады. Сосын 7-сінде жеңімпаздарды анықтаймыз да, әлемдік чемпионатқа барамыз. Мен өзім сол қауымдастықты басқарамын. Мәселен, Тимур Асқарұлы ("Атамекен" ҰКП Президиум басшысы - авт.) спорттық қауымдастықты басқарса, мен осы ұйымды таңдадым. Соған пайдам тиіп жатыр деп ойлаймын. Өз басым ылғи қолдау жасап отырамын", - деді Б.Сағынтаев.
null 

Үкімет басшысының айтуынша, чемпионатқа колледждер оқ бойы озық шәкірттерін алып келді. Бірақ дәл осындай шараларға отандық кәсіпкерлер тарапынан мықты қолдау байқалмайды. Бизнесмендер "кәсіби мамандар жоқ" деп жиі арызданады. Ал сол кәсіби мамандарды қолдауға келгенде немқұрайлық танытып жатады. "Мен чемпионатқа қолдау білдіргендерді байқап көрдім. Құрылыс бойынша ірі компаниялардың ішінде BI Group пен Knauf  болды. Басқалары қайда? Сіздер көрінбейсіздер ғой. Қолдау қайда? Чемпионатта мен нағыз энтузиастарды көрдім. Олар көп пайда таппаса да, ортақ іске жанашырлық танытып отыр. Өз мамандарымыз көтерілсін деп тілейді. Ал осы жерде отырғандардың ішінен мен ешкімді көрмедім. Біз кадр керек, өз мамандарымызды дайындайық дейміз. Сіздер өздеріңіз қолдау жасамасаңыздар, ол мамандарды қайдан аламыз?", - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев. 

null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар