«Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қатысты өлшемдерді қайта қарауды ұсынады

None
None
күйектің 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -«Атамекен»  одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына қатысты өлшемдерді қайта қарауды ұсынады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің депутаттарымен кездесу барысында «Атамекен» одағы» палатасының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шағын және орта бизнесті қолдау мәселеріндегі проблемаларға тоқталған А. Перуашев, қазіргі күні қазақстандық бизнес-қауымдастық тарапынан көтеріліп жүрген бірқатар ұсыныстарға назар аудартты. «Атап айтқанда, бүгінгі таңда шағын және орта бизнеске жатқызылатын кәсіпорындардың өлшемі жеткілікті деңгейді қамтымай отыр. Мәселен, Қазақстанда егер кәсіпорын активтерінің құны 5 млн. АҚШ долларынан асатын болса, онда ол ірі кәсіпорынның қатарына жатқызылады. Егер Дүниежүзілік сауда ұйымына кіре қалатын болсақ, ондағы ережелер бойынша қатысушы-мемлекеттердің ірі бизнеске қолдау жасауына тиым салынатыны белгілі. Ал олай болса, ДСҰ-ға кірген кезде жоғарыда көрсетілген сомадан асатын активтері бар барлық қазақстандық кәсіпорындар мемлекеттік көмектен біржолата қол үзеді», деді А. Перуашев.

 Оның айтуынша, еуропа мемлекеттерінде кәсіпорынның активтер құны 60 млн. еуродан аспайтын болса ғана шағын және орта бизнес субъектісіне жатқызылады екен.  Яғни, 60 млн. еуроға дейінгі активтері бар кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау. көмектерін алып тұрады. «Бұл дегеніңіз, қазақстандық бизнес ДСҰ-ға кірісімен еуропалық елдермен салыстырғанда өте қолайсыз жағдайда қалып, бәсекелестікке төтеп бермек түгілі жойыла бастайды деген сөз. Сондықтан біз шағын және орта бизнеске қатысты өлшемдерді қайта қарау қажет деп санаймыз», деді А. Перуашев.

Соңғы жаңалықтар