Атамбаев Қырғызстандағы мұздықтардың 40%-ке дейін азаятындығына алаңдаулы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алмазбек Атамбаев болжам бойынша 2025 жылға қарай Қырғызстандағы мұздықтар көлемінің 30-40%-ке азаятынына алаңдаулы. 

Ал, бұл Орталық Азиядағы өзендердегі судың 25-35%-ке қысқаруына әкеліп соғады. Бұл туралы Қырғыз президенті Нью-Йорктегі 72-ші Бас Ассамблеяда мәлімдеді, деп хабарлайды Кабар.

Оның айтуынша, климат өзгеруінің зардаптары қауіпті деңгейге дейін өскен. Сондықтан, таулы елдер тау экожүйесінің күрделі болуына байланысты бұл тізімге бірінші енген.

«Климат өзгеру мәселесі Қырғызстан экономикасының барлық секторына кері әсер етуде. Соның салдарынан таулы аудандарда түрлі табиғи апаттар - селдер, сырғыма, су тасқыны және көшкін орын алуда. Қырғызстан табиғи қоймалар болып табылатын мұздықтардың қарқынды еруіне қатты алаңдаушылық танытуда, себебі олар тек Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі тұщы суды қалыптастыратын аймақ саналады»,  - деді Атамбаев.

Сондай-ақ, ол 2100 жылы республикадағы мұздықтардың Жер бетінен жойылып кету қаупі барын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар