Атамбаев билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік берді. Бұл туралы ол дүйсенбі күні Шолпан Ата қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «Кабар» ҚҰАА.

«Президент сайлауының нәтижесі қандай болса да, оны мойындау керек. Бастысы - біз дауыстарды әділ түрде есептеуге кепілдік береміз. Адамдар өз дауыстарын сатып жатса, басқа әңгіме. Бұл өте қиын. Кейбір азаматтарымыз өз жауапкершіліктерін толық түсінбейді», - деді Атамбаев.

Мемлекет басшысы билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік беретіндігін мәлімдеді. «Ал жағдайды ушықтырғысы келетіндермен басқаша сөйлесетін боламыз», - деп атап өтті президент.

Айта кетейік, Атамбаевтың Қырғызстан президенті ретіндегі өкілеттілігі 2017 жылғы 1 желтоқсанда аяқталады. Қырғызстан Республикасының жаңа президентінің сайлауы 15 қазан күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар