Атақты футболшы Неймар жаттығу кезінде төбелесіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» шабуылшысы Неймар мен командаға енді кірген Нельсон Семеду жаттығу кезінде төбелескен. Бұл оқиғадан кейін 25 жастағы футболшы алаңнан кетіп қалды.

Допқа таласқан кезде аяғынан шалған Семедуға қатты ашуланған Неймар португалиялыққа тап берген. Өзге ойыншылар істі насырға шаптырмай футболшыларды ажыратып үлгерді.

Бұдан бұрын «ПСЖ» командасының (Пари Сен-Жермен клубы) Неймардың ақшасынан €222 млн соманы азайтуды көздеп отырғаны жайлы хабарланған болатын. Сондай-ақ бұдан бұрын Бразилия құрамасы  футболшысына  жылына €30 млн  берілетін келісімшарт туралы ұсыныс жасалғандығы жөнінде айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар